- Шартарап
- 30 Қыркүйек, 2024
Алматыда Президенттің БҚХА құру бойынша халықаралық бастамасы талқыланды
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі – ҚР СІМ Алматы қаласындағы өкілдік басшысы Жәнібек Әбдрашов ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті мен М. Айқымбаев атындағы Аса қауіпті инфекциялар ұлттық ғылыми орталығымен, сондай-ақ Халықаралық ынтымақтастық жөніндегі герман қоғамымен «Биоқауіпсіздік және орнықты даму: стратегиялық тәсілдер» халықаралық ғылыми-практикалық симпозиумына қатысты.
Сөйлеген сөзінде СІМ Өкілдік басшысы Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне есеп беретін арнайы орган – Биологиялық қауіпсіздік жөніндегі халықаралық агенттік құру туралы бастамасы аясында биологиялық қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастықтың өзектілігін атап өтті.
Симпозиум қорытындысы бойынша қатысушылар қоғамдық денсаулық сақтау саласындағы жаһандық төтенше жағдайларға одан әрі жедел ден қою қажеттілігі туралы ортақ пікірге келді. Симпозиумның баяндамалары ұлттық және халықаралық сарапшыларға бүкіл әлем бойынша биоқауіпсіздікті қамтамасыз ету шешімдерін қабылдаудың негізі ретінде қызмет етеді.
1167 рет
көрсетілді0
пікір