Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Аймақ тынысы
  • 01 Қазан, 2024

Алиментті қасақана төлемеушілердің жасырын кірістері анықталды

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының тапсырмасымен алимент төлемдері бойынша міндеттемелерді сақтау мәселесіне тексеру жүргізілді, деп хабарлайды Солтүстік Қазақстан облысы прокуратурасының баспасөз қызметі.

Алиментшілер балаларына көп миллиондық қарызы бар бола тұра, букмекерлік кеңселерде құмар ойындарға үлкен ақша жұмсап, өз міндеттемелерін елемейтіні анықталды.
Мысалы, 4,7 млн теңге мөлшерінде алимент бойынша берешегі бар борышкер, бір жыл ішінде «1xBet» букмекерлік кеңсесіндегі өзінің аккаунтын жалпы сомасы 33,9 млн теңгеге траншпен толықтырып, көрсетілген кезеңде ұтыс нәтижесінде 14,8 млн теңгені алып шығарған. Сол сияқты, атқарушылық іс жүргізу бойынша тағы бір борышкер 1,8 млн теңге алиментін төлемей, екі жыл ішінде «Olimpbet» букмекерлік кеңсесінде 2,5 млн теңгеден айырылған. 6 борышкерге қатысты осындай фактілер анықталды.

Борышкерлердің букмекерлік кеңселердегі операцияларының жалпы сомасы 56 млн теңгені құрады.
Аталған фактілер бойынша ҚК-нің 139-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды, баптың санкциясы екі жылға дейін бас бостандығынан айыруды көздейді. Қылмыстық істерді облыс прокуратурасы бақылауға алды.

456 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз