Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Аймақ тынысы
  • 01 Қазан, 2024

1 қазанда Ақтөбе облысының әлеуметтік нысандарына жылу беріледі

1 қазанда Ақтөбе облысының әлеуметтік нысандарына жылу беріледі, - деп хабарлайды kazgazeta.kz облыс әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Алдағы жылыту маусымына әлеуметтік нысандар мен инженерлік желілерді дайындау жұмыстары кестеге сай жүргізілуде. Бүгінде жалпы дайындық 98% құрайды. 

Ақтөбе облысы Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасының мәліметінше жылыту маусымына жауапты мекемелер - «Ақтөбе ЖЭО» АҚ, «Энергосистема» ЖШС және «Aqtobe su-energy group» АҚ әзірлік паспорттарын алды. Бюджеттік ұйымдар үшін алдағы жылыту маусымына қажетті көмір отыны – 26 738,9 тонна және дизель отыны – 1 622,3 тонна толығымен жеткізілді. 

«Биыл жылыту маусымында халық қажеттілігіне керекті 21500 тонна көмірдің 9233 тоннасы немесе 43% өңірге жеткізілді. Тағы 11 вагон көмір жақын күндері жеткізіледі. Қазіргі таңда 41-разъезде 3000 тонна көмір бар. Бағасы тоннасына 23 000 теңге», - дейді облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасының бөлім басшысы Нұрберген Бекеев. 

Атап өтейік, облыста 1 қазаннан бастап әлеуметтік нысандарға жылу беріледі. Ал тұрғын үйлер жылумен 15 қазаннан бастап қамтамасыз етіледі.

859 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз