Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Безбен
  • 01 Қазан, 2024

Референдумға 177 шетелдік байқаушы ресми тіркеуден өтті

6 қазанда атом электр станциясын салу мәселесі бойынша референдум өтеді. Бұл туралы Орталық референдум комиссиясының хатшысы Мұхтар Ерман айтты.

«Барлығы 177 байқаушы ресми тіркеуден өтті, олар 30 шет мемлекеттен, оның ішінде 4 халықаралық ұйымның өкілдері. Сыртқы істер министрлігі референдум байқауына қатысу үшін 5 ірі халықаралық ұйымға, соның ішінде Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының демократиялық институттар және адам құқықтары жөніндегі бюросы, ТМД, ШЫҰ, Түркі мемлекеттерінің ұйымы, Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңеске шақыру жолдаған болатын», - деді Мұхтар Ерман Орталық референдум комиссиясының отырысында.

Мұхтар Ерманның айтуынша, Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының демократиялық институттар және адам құқықтары жөніндегі бюросының бас кеңсесінен өз миссиясын жібере алмайтыны жөнінде жауап келген. Оған алдағы айларда жоспарланған сайлауларға байланысты іс-шаралардың көптігі себеп болып отыр.

Қазір байқауға қатысатын халықаралық ұйымдар қатарында ТМД, ШЫҰ, Түркі мемлекеттерінің ұйымы, Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес бар.

258 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз