- Безбен
- 02 Қазан, 2024
Мәжіліс Қазақстан мен БАӘ арасында жаңартылатын энергияға қатысты құжатты қарайды
ҚР Парламенті Мәжілісінің қарауына «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Біріккен Араб Әмірліктерінің Үкіметі арасындағы жел электр станциясы жобасын іске асыру туралы келісімді ратификациялау туралы» заң жобасы түсті.
«Аталған келісімге екі елдің үкіметі 2023 жылдың 2 желтоқсанында қол қойды. Келісімнің мақсаты – Қазақстан аумағында жаңартылатын энергия көздерін дамыту арқылы жаһандық жылынуға қарсы күресте екі ел арасындағы ынтымақтастықты жүзеге асыру. Қаралып отырған құжат аясында жел энергиясының станциясын Жамбыл облысында салу жоспарланып отыр. Аталған келісімде екі ірі жоба қарастырылған. Осы екі жоба аясында белгіленген мерзім 25 жылды қамтиды», - деді Мәжілістің Экология мәселелері және табиғат пайдалану комитетінің төрағасы Еділ Жаңбыршин палатаның жалпы отырысында.
Оның айтуынша, жобаны іске асяру барысында 100-ге тарта тұрақты, сондай-ақ 1600-ге жуық уақытша жұмыс орны құрылады.
«Комитет за жобасы бойынша қорытынды әзірлеуге дайын», - деді депутат.
259 рет
көрсетілді0
пікір