Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Аймақ тынысы
  • 02 Қазан, 2024

Құны 10 млн теңгенің есірткісі бар қойма анықталды

Абай облысында полиция 10 млн теңгенің есірткісі бар қойманы анықтады, деп хабарлайды kazgazeta.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
"Қарасора" және "Учаске" ЖПІШ барысында полицейлер Семей қаласының маңындағы қараусыз қалған үйден үш қорап есірткі тауып алды. Бұл орынды есірткі сатушылар уақытша қойма ретінде пайдаланған.
Полицейлер күдіктіні анықтады, ол бұрын сотталған 40 жастағы семейлік болып шықты. Тәркіленген есірткінің жалпы салмағы 66 келіден астам кептірілген марихуана екені анықталды. Қара нарықта мұндай есірткінің құны шамамен 10 миллион теңгені құрайды.
Есірткі құралдарын аса ірі мөлшерде заңсыз сақтау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Полиция қызметкерлері қылмыстық іс бойынша айыпталушылардың қылмыстық әрекеттерінің барлық эпизодтарын анықтау бойынша жұмысты жалғастыруда. Тергеу жүргізіліп жатыр.

885 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз