- Айна
- 02 Қазан, 2024
6 қазанда ақтөбеліктер автобустарда тегін жүреді
Ақтөбеде референдум өтетін күні қоғамдық көлікте жол жүру тегін болады, деп хабарлайды Ақтөбе облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.
6 қазанда Республикалық референдум өткізілетін күні қалалық және қала маңындағы маршруттарда жол жүру тегін болады.
Автобустар таңғы 6:00-ден бастап жүреді. 7 қазаннан бастап қоғамдық көлік штаттық режимде жұмыс істейтін болады.
Қала тұрғындары мен қонақтарына “Автопарк”, “Қала транс”, “Ақжайық автопарк”, “Табыс Ақтөбе” және “РТТ групп” ЖШС тасымалдаушы компаниялары қызмет көрсетеді.
Фото: t.me/aqtobe_oblysy_akimdigi
229 рет
көрсетілді0
пікір