- Шартарап
- 02 Қазан, 2024
Израильдегі Елшілік Қазақстан халқына үндеу жолдады
Қазақстанның Израильдегі Елшілігі Таяу Шығыстағы жағдайдың нашарлауы аясында бірқатар ұсыныстар жариялады. Израильдегі қазақстандықтар үшін де апаттық желі ашылды, деп хабарлайды kazgazeta.kz.
2 қазанда елшіліктің сайтында жарияланған үндеуде:
"Таяу Шығыстағы жағдайдың нашарлауы аясында Қазақстанның Тель-Авивтегі Елшілігі Израильдегі барлық қазақстандық азаматтарға қауіпсіздік шараларын күшейтуді, қырағы және абай болуды ұсынады", - делінген.
Сондай-ақ қазақстандықтарға соңғы жаңалықтарды қадағалап, елшілікпен байланыста болуға кеңес беріледі.
Сонымен қатар, қазақстандықтар үшін апаттық байланыс желілері ашық.
Қазақстанның Израильдегі Елшілігінің байланыс нөмірлері:
+972 (3) 503 78 85 (кезекші)
+972 53 635 19 83 (ұялы телефон, WhatsApp)
+972 55 273 38 13 (ұялы телефон, WhatsApp)
Реклама
1166 рет
көрсетілді0
пікір