Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Айна
  • 02 Қазан, 2024

Астана қаласының санитарлық дәрігері тағайындалды

Астана қаласының Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы болып Айгүл Шағалтаева тағайындалды, деп хабарлайды kazgazeta.kz.

2024 жылы 2 қазанда Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Сархат Бейсенова жаңа басшыны ұжымға таныстырып, оның қызметіне табыс тіледі.

"Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі аппараты басшысының бұйрығымен Айгүл Қошмұхаметқызы Шағалтаева Астана қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы болып тағайындалды", - деп хабарлайды Астана қалалық СЭБД баспасөз қызметі

Айгүл Шағалтаева 1968 жылдың 26 шілдесінде Қарағанды облысында дүние келген. 1993 жылы Қарағанды мемлекеттік медициналық институты, гигиенист- эпидемиолог дәрігері мамандығы бойынша аяқтады.

Айта кетсек, 2020 жылдан бастап Астана қаласының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы болып Сархат Бейсенова тағайындалды. 2024 жылғы 17 қыркүйекте Денсаулық сақтау министрлігі басшысының бұйрығымен ол Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрағасы – ҚР Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері болып бекітілді.

364 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз