- Безбен
- 03 Қазан, 2024
Алматыда креативті экономика бойынша халықаралық конференция өтті
Алматыда Британ консулдығы мен Almaty Tourism Bureau ұйымдастырған креативті экономика бойынша конференция өтті, - деп хабарлайды Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.
13 елден келген 15 сарапшы әлемнің әртүрлі аймағында креативті индустрияны дамытудың сәтті жүзеге асқан мысалдарын тілге тиек етті.
Мәдени туризмге және креативті кластерлерді біріктіруге ерекше назар аударылды. Kingston Creative атқарушы директоры Андреа Демпстер Чанг туристерді тарту үшін шығармашылық бастамалардың маңыздылығы туралы айтты.
Almaty Tourism Bureau басшысы Камилла Лұқпанованың айтуынша, креативті индустрия туризмнің ажырамас бөлігіне айналып, аймақтың экономикалық тұрғыдан өсуі мен мәдени жағынан алмасуына ықпал етуде.
Халықаралық сарапшылар Almaty Сreative креативті хабына барып, резиденттермен тәжірибе алмасып, соңғы үрдістерді талқылады. Бұл іс-шаралар Алматының Орталық Азияның креативті экономика орталығы ретіндегі мәртебесін растады.
295 рет
көрсетілді0
пікір