- Айна
- 03 Қазан, 2024
Астана қаласында екі балалар кітапханасы ашылды

Астана қаласында екі балалар кітапханасы ашылды. Бұл туралы Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлады.
Бұқаралық кітапхана Жұмекен Нәжімеденов көшесі 27, ал балалар кітапханасы Әлихан Бөкейхан көшесі 25 мекенжайында орналасқан. Балаларға арналған жаңа кітапханада ересектер де кітапхана қызметін пайдалана алады. Бұл кітапхананың қоры 3 мыңға жуық жаңа кітаптан тұрады.
Жыл соңына дейін тағы екі кітапхана пайдалануға беріледі. Олар зағип және нашар көретін азаматтарға арналған кітапхана болады.

648 рет
көрсетілді0
пікір