- АҚПАРАТ АҒЫНЫ
- 07 Қазан, 2024
Ерлан Саиров: АЭС салу жөніндегі Халықтық штаб жүйелі, жан-жақты жұмыс атқарды
Мәжіліс депутаты, AMANAT фракциясының мүшесі Ерлан Саиров АЭС салу жөніндегі Халықтық штаб жөнінде әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.
"Exit poll-дың нәтижелері шықты.
Қазақстан халқының 70-пайызға жуығы елімізе АЭС салуды қолдады!
Бұл заңды нәтиже.
АЭС салу жөніндегі Халықтық штаб жүйелі, жан-жақты жұмыс атқарды.
Бүкіл Қазақстанның түпкір-түпкіріне барып, азаматтармен нақты түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Халықтық штаб Қазақстанның жаңа экономикалық формацияда өмір сүріп жатқандығын, тек қана ғылыми-техникалық прогреске бейім ұлттар ғана тарихта қалатындығын, атом энергиясының ұтымды жатқарын түсіндіре білді.
Қазақстан Халқы ғылыми прогресс және экономикалық жаңашылдықты таңдады!
Бұл референдум біздің азаматтардың өзінің шешім қабылдау құқын дұрыс пайдалатындығын көрсетті.
Аталған референдум шын мәніндегі біздің еліміздің болашақ даму жолдары жөніндегі жалпыұлттық дискуссия болды!
Мен дискуссияға қатысқан барлық Отандастарға өзімнің алғысымды білдіремін!
Мұдай дискуссияда жеке ұтылғандар мен ұтқандар болмайды!
Мұндай бейбіт, ашық дискуссиядан тек қана қоғам, еліміз ғана ұтары анық!
Яғни, қоғамның саяси мәдениеті шыңдалып, азаматтардың қоғамдық процесстерге қатысу дәрежесі артып келеді.
Демократия дегеніміз норма және процедура.
Осындай демократиялық процедуралар арқылы Қазақстан халқы барлық маңызды шешімдерді ақылдасып, жан-жақты ойласып қабылдау дәстүрін қалыптастыратындығы анық!
Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!
Қазақстан Өркендей берсін!", - деді жазбасында.
Фото: ашық дереккөз
537 рет
көрсетілді0
пікір







