Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 07 Қазан, 2024

Қарқаралыдағы дала өртін сөндіру кезінде өртсөндіруші қаза тапты

Төтенше жағдайлар министрлігі дала өртін сөндіру кезінде өртсөндіруші қаза тапқанын хабарлады.

"6 қазанда Қарағанды облысында Қарқаралы ауданындағы дала өртін сөндіру барысында өз қызметтік міндетін атқару кезінде 24-өрт сөндіру бөлімінің аға өртсөндіруші-құтқарушысы 1991 жылы туған Хали Хайрат қаза тапты", - делінген хабарламада.

Сержант азаматтық қорғау органдарында 2014 жылдан бастап жұмыс істеген. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Соталды тергеу басталғаны айтылды.

"Ведомствоның Апаттар медицинасы орталығының психологтары қайтыс болған қызметкердің туыстарына қажетті психологиялық көмек көрсетіп жатыр. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі өртсөндірушінің туыстары мен жақындарына көңіл айтады! ТЖМ қаза тапқан өрт сөндірушінің отбасына жан-жақты көмек пен қолдау көрсетеді", - делінген хабарламада.

Сондай-ақ, дала өртін сөндіру кезінде 4 өрт сөндірушіні күйік шалған. Дала өртін сөндіру үшін ТЖМ барлық қызметі, оның ішінде ТЖД 111 қызметкері, құқық қорғау органдары, 27 түрлі техника жұмылдырылды, өрт сөндірудің жедел штабы ашылды. Облыс әкімі оқиға орнында жедел штабпен кеңес өткізді.

438 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз