- АҚПАРАТ АҒЫНЫ
- 07 Қазан, 2024
Алматыда көпқабатты үйден 19 жастағы қыз құлап кетті
Алматыда көпқабатты үйден құлаған қыз қайтыс болды. Қайғылы оқиға кеше түнгі уақытта болған. Бұл туралы Алматы қаласы Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап kazgazeta.kz хабарлайды.
Желідегі мәлімет бойынша, 19 жастағы қыз 14 қабаттан құлаған. Оқиға Алматыдағы «Манхэттен» тұрғын үй кешенінде болған.
Алматы қаласы Полиция департаменті аталған жағдайға байланысты қылмыстық іс қозғады.
– Осы дерек бойынша Алмалы аудандық ПБ-на қарасты полиция бөлімі қылмыстық іс қозғады. Оқиғаның себебі мен мән-жайы анықталып жатыр, - деп хабарлады қалалық ПД баспасөз қызметі.
Фото: krisha.kz
520 рет
көрсетілді0
пікір







