Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 07 Қазан, 2024

Бас прокурор қауіпті Telegram арналарына қатысты мәлімдеме жасады

ҚР Бас прокуроры Берік Асылов жасөспірімдердің жаппай суициді бойынша жүргізіліп тергеу барысын баяндап берді, деп хабарлайды kazgazeta.kz.

Оның мәліметінше, интернетте суицидті насихаттауға қатысты прокуратура ҚР Қылмыстық кодекстің 313-1-бабы бойынша сотқа дейінгі үш тергеу шараларын бастады.

"Қылмыстық істерді тергеуді арнайы прокурорларға тапсырдым. Балаларды өз-өзіне қол жұмсауға итермелеу мазмұнындағы бірнеше Telegram-арналардың әкімшілері мен оған қатысушылар тексерілетін болады. Қажетті тергеу амалдары жүргіземіз, бірқатар сараптамалар тағайындаймыз", деп жазды Асылов Х желісінде.

2024 жылы 3 қазанда Алматы қалалық прокуратурасы суицидтік бағытта бұйрық беретін Telegram-арнаның анықталғанын хабарлады. 6 қазанда Бас прокурор Берік Асылов күмәнді сайттарды тексеріп, балалардың орнына қаскөйлермен ойнап көргендерін айтты.

644 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз