Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 08 Қазан, 2024

Ғылыми-техникалық зерттеулер мыс өндірісінің көлемін арттырады

Ақтоғай кен орнының тотыққан мыс кендерін өңдеуге арналған Технологиялық регламентті әзірлеу кезінде «ВНИИцветмет» ғалымдары ұсынған түзетулердің арқасында «KAZ Minerals PLC» кәсіпорны мыс өндірісінің көлемін көрсеткішін жылына 20 мың тоннаға дейін арттырды. Бұл туралы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап kazgazeta.kz хабарлайды.

Соңғы жылдарда Қазақстанда мыс кендерінің бірқатар жаңа кен орындарын игеруге тартуға және мыс бағасының өсуіне байланысты минералды полиметалды шикізатты игеру және өңдеудің жаңа тиімді экологиялық таза технологиясын іздеу міндеті өзекті болды. Олардың бірі «сұйық экстракция-электролиз» сұлбасы бойынша үймеде шаймалау технологиясы. Бұл әдіс айтарлықтай экономикалық әсермен жоғары тазалықтағы катодты мыс алуға мүмкіндік береді.

Қазақстандық шикізаттың әртүрлі түрлерін өңдеу үшін экстракциялық технологияны қолдану мүмкіндігі бойынша зерттеулер «ҚР МШКҚӨ ҰО» «ВНИИцветмет» РМК филиалында жүргізілуде.

Үймеде шаймалау процестерінің ерекшеліктерін зерттеу 1997 жылы Қазақстан мен Жапонияның ғылыми-техникалық ынтымақтастығының бірлескен жобасынан басталды. Осы бағыттың болашағын болжай отырып, сол жылдары ВНИИцветмет зертханаларды қажетті жабдықтармен толықтыру және осы бағыттағы мамандардың біліктілігін арттыру бойынша жұмыстарды бастады.

Осылайша ВНИИцветметте жүргізілген зерттеулердің нәтижелерін «KAZ Minerals PLC» мамандары Ақтоғай кен орнының тотыққан мыс кендерін өңдеуге арналған Технологиялық регламентті әзірлеу кезінде пайдаланды. 2024 жылығ ұсынған технологияға түзетулердің арқасында кәсіпорын мыс өндірісінің көлемін жылына 20 мың тоннаға дейін арттырды.

Қазіргі уақытта ВНИИцветметтің мамандары Қоңырат, Нұрқазған, Шатыркөл, Бозшакөл, Байтемір, Бесчоку, Жезқазған, Вавилон және т. б. кен орындарының тотыққан және аралас мыс кендерін қайта өңдеу процестерімен жұмыс істеуде.

Әрбір кен орнының кендерін қайта өңдеу технологиясының жекелеген процестерін жетілдіруге егжей-тегжейлі зерттеу және жеке әдісті қолдану Қазақстанның жоғары сапалы катодты мыс шығару бойынша мыс кәсіпорындарының өнімділігін айтарлықтай арттыруға мүмкіндік береді.

862 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз