Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 08 Қазан, 2024

Кәмелетке толмаған баланы өлтіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды

Кәмелетке толмаған баланы өлтіру фактісі бойынша полиция қылмыстық іс қозғады. Бұл туралы Алматы облысы ПД бастығының міндетін атқарушы Серік Шалқаров мәлімдеді.
Оның айтуынша, барлық кінәлі адамдар ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамауға алынған. Қылмыстық істі тергеу Ішкі істер министрінің ерекше бақылауына алынып, оның нұсқауы бойынша арнайы жедел-тергеу топ жұмыс атқаруда.
Барлық жиналған дәлелдер, соның ішінде бейнебақылау камераларынан алынған жазбалар зерттелуде.
Қазіргі уақытта жеті адамның қылмыс жасауға қатысы бар екені анықталды.
Жәбірленуші тараптың дәлелдері бойынша басқа тұлғалардың қатыстылығын анықтау үшін тергеу шеңберінде тексеру жүргізілуде. Әрқайсысына қатысты құқықтық баға берілетін болады.
Қайтыс болған жасөспірімнің заңды өкілдері тергеу барысы туралы хабардар етілуде.
Тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жария етілмейді.

654 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз