Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Құмсағат
  • 09 Қазан, 2024

2027 жылы елімізде дзюдодан Әлем чемпионаты өтеді

Қазақстанда 2027 жылы Дзюдодан Әлем чемпионаты өтеді. Бұл туралы Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлады.
«Будапешттегі сапарымда Халықаралық Дзюдо Федерациясының (IJF) президенті Мариус Визермен өте маңызды кездесу өткіздім. Бұл кездесудің нәтижесінде елімізде дзюдоны дамыту бағытында бірқатар маңызды келісімдерге қол жеткіздік.

Дзюдоның жанкүйерлеріне жақсы жаңалық!

2027 жылы дзюдодан әлем чемпионатын Қазақстанда өткізу туралы келісімге келдік. Бұл еліміз үшін үлкен абырой, әрі қазақстандық спортшылар үшін үлкен мүмкіндік болмақ. Өйткені чемпионат Лос Анджелес олимпиадасының қарсаңында өтеді.

Сонымен қатар, Халықаралық Дзюдо Федерациясының академиясының өкілдігін Қазақстанда ашу туралы уағдаластыққа қол жеткіздік.

Бұл бастама біздің спортшыларымыз бен жаттықтырушыларымыздың кәсіби деңгейін көтеруге үлкен септігін тигізетініне сенімдімін» - делінген жазбада.

3407 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз