Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Аймақ тынысы
  • 10 Қазан, 2024

Жаңасемей ауданында алғашқы балабақша ашылды

Жаңасемей ауданының Озерки ауылында 70 орынға арналған жаңа балабақша ашылды, деп хабарлайды Абай облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.

 Аталған нысан облыс әкімінің бастамасымен және аудан әкімдігінің қолдауымен жүзеге асырылды.
2-5 жас аралығындағы балалар үшін үш топ құрылып, оларға сапалы білім мен тәрбие беру үшін барлық жағдай жасалған. Бүлдіршіндердің жан-жақты дамуы үшін спорттық және шығармашылық үйірмелер ұйымдастырылған. Мекемеде 15 қызметкер жұмыс істейді, оның  алтауы жоғары білікті педагог мамандар.
Ағымдағы жылы Приречный және Жарқын ауылдарында балабақша, келер жылы аудандағы 18 мектеп жанынан қосымша 8 топ ашу жоспарлануда.

624 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз