- АҚПАРАТ АҒЫНЫ
- 12 Қазан, 2024
Бас прокуратура Талғарда қаза тапқан баланың үйі өртенуіне қатысты мәлімдеме жасады
Талғарда қаза тапқан Шерзат Болаттың үйі түнде өртеніп кеткені жайлы әлеуметтік желілерде мәліметтер таралған еді. ҚР Бас прокуратурасы бұл іске қатысты ресми мәлімдеме жасады.
"Талғарда жасөспірімді өлтіру ісі бойынша жәбірленушілердің үйін өртеу фактісіне қатысты 2024 жылғы 12 қазанда Бас прокуратураның басшылығымен қылмысты ашу үшін ведомствоаралық жедел-тергеу тобы құрылды.
Кінәлілерді әшкерелеу үшін барлық шаралар қабылданатын болады. Қылмыстық iс Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының бақылауына алынды", - делінген ведомство мәлімдемесінде.
Алматы облысының Полиция департаменті Бөтеннің мүлкін қасақана жою фактісі бойынша іс қозғалғанын хабарлады. Қазіргі уақытта куәгерлерден жауап алынып, бейнебақылау камераларының жазбалары зерттеліп жатыр.
Полиция мәліметіне сәйкес, марқұм Шерзат Болаттың отбасы полиция қызметкерлерінің қорғауына алынған.
687 рет
көрсетілді0
пікір







