- Айна
- 12 Қазан, 2024
Алматыда Қазақстан мен Словения құрамаларының матчына арнайы автобустар жіберіледі

Алматыда Қазақстан мен Словения құрамаларының матчына арнайы автобустар жіберіледі, деп хабарлайды Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.
13 қазан күні 18:00-де Алматыдағы Орталық стадионда УЕФА Ұлттар лигасы аясында Қазақстан – Словения матчы өтеді.
Билетті қалай сатып алуға болады:
• Билетті Ticketon арқылы алыңыз, стадионның кассасы жұмыс істемейді.
• Стадионға 16:00-ден бастап кіруге болады.
• Билетті делдалдан сатып алмаңыз.
Стадионға кіру үшін:
•Билетке адамның аты-жөні жазылады
• Билетте жазылған адам жеке басын куәландыратын құжатын (жеке куәлік, төлқұжат, жүргізуші куәлігі) көрсеткен соң кіргізіледі
Жанкүйерлерге арналған көлік:
• Жолаушылар үшін №34, 92, 118, 120, 120а, 79, 121 маршруттары күшейтіледі.
• Сондай-ақ, тегін жедел маршруттар ұйымдастырылады:
• «Шұғыла-City ТҮК аялдамасы – Орталық стадион»;
• «Halyk Arena аялдамасы – Орталық стадион»;
• «Алатау театры аялдамасы – Орталық стадион»;
• «Алматы-1 теміржол вокзалы аялдамасы – Орталық стадион».
Автобустар сағат 16:00-де жүріп, 20:30-да кері қайтады. Орталық стадионнан шығатын автобустар Абай даңғылы мен Сәтбаев көшесінің арасындағы Байтұрсынов көшесінің бойындағы тұрақта тұрады.
Жедел маршруттардың жиналу орындары 2GIS сервисінде жазылады.

471 рет
көрсетілді0
пікір