Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 12 Қазан, 2024

Шерзат Болаттың әкесі қазақстандықтарға үндеу жасады

Талғарда қаза тапқан Шерзат Болаттың әкесі Қаржаубай Нұрымов қазақстандықтарға видеоүндеу жасады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ол ешқандай қан-төгіс болғанын қаламайтынын тағы айтты.

"Ассалаумғалейкүм, құрметті қазақ елі. Мен ешқандай қан-төгіс болғанын қаламаймын. Ешқандай қан-төгіс болмасын. Бұл жерде кеше түннен бері құзырлы орган өкілдері жүр. Қылмыскерлер жауап береді деген сенімдемін. Мен ешқашан өзім үшін қорықпаймын. Қай кезде де, кім келіп жатса да, сөйлесе аламын. Елді дүрліктіріп, қан төгіп, біреулердің обалына қалмайық. Жоғарыдағы кісілерге де айтатыным осы: Ешқандай қантөгіс болғанын қаламаймын. Заң аясында шешіледі деген үміттенемін. Қай кезде болсын, "Әділетті Қазақстан" болатынына сенемін. Қорқыныш жоқ. Бір қазақ бір қазақты өлтіріп, атып жатса, ол дұрыс емес", - деді Қаржаубай Нұрымов.

652 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз