Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Безбен
  • 14 Қазан, 2024

Алматыда Mass Alert жер сілкінісін ескерту жүйесі сынақтан өтеді

Алматыда 17 қазанда Mass Alert жедел құлақтандыру жүйесі сынақтан өткізіледі. Енді бұл құлақтандыру iOS операциялық жүйесін пайдаланушыларға да қолжетімді болады.

Мобильді құрылғы пайдаланушыларына «Ұлттық құлақтандыру» белгісімен сынақ туралы хабарлама жіберіледі, ал кейбір Android операциялық жүйесі бар құрылғыларға «Президенттік құлақтандыру» белгісімен ескерту түседі. Себебі халықаралық сипаттамаға сәйкес, телефон өндірушілерінің барлығы тесттік немесе жедел құлақтандыруды мемлекеттік органдар іске қосқанда, операциялық жүйелерінде осындай атаулар қолданады.

Алматылықтар мен қала қонақтарына алаңдаудың қажеті жоқ, себебі бұл жай ғана сынақтан өткізу.

Айта кету керек, iPhone құрылғыларының иелері iOS 18 бағдарламалық жасақтамасы болса ғана ескерту алады.

Осыған байланысты алматылықтар мен қала қонақтарына құрылғыларын iOS 18 жүйесіне жаңарту қажет. Егер құрылғы автоматты түрде жаңартылмаса, оны «Баптаулар – Негізгі – Бағдарламалық жасақтаманы жаңарту» деп өзі жаңарту керек.

Фото: қала әкімдігінің баспасөз қызметі

351 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз