Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Безбен
  • 14 Қазан, 2024

Әскери контингенттер терроризмге қарсы қауіпсіздік мәселелерін пысықтады

Үндістанда «ҚазҮнді-2024» бірлескен қазақстандық-үнділік оқу-жаттығуы аяқталды, оған Қазақстаннан Құрлық әскерлерінің «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы мен Десанттық-шабуылдау әскерлерінің әскери қызметшілері қатысты. Бұл туралы Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап kazgazeta.kz хабарлайды. 

Бірлескен оқу-жаттығудың бірінші кезеңінде тау дайындығынан сабақтар өткізілді. Үндістанның «Сурья» полигоны тау кедергілерін еңсерудің әртүрлі элементтерін пысықтауға мүмкіндік берді. 

Парашютпен секіруде белгілі межеге дәл түсуді орындау міндеттерін ҚР Қарулы күштері Десанттық-шабуылдау әскерлерінің парашютшілер тобы орындады. Бұл құрамда парашютші-нұсқаушы ефрейтор Балжан Мұсатаева мен санитарлық нұсқаушы ефрейтор Маржан Сайранова да бар. Күрделі тау жағдайында қыздар межелі алаңға дәл секіріп түсуден жақсы нәтиже көрсетті.

Оқу-жаттығудың соңында терроризмге қарсы қауіпсіздік мәселелерін пысықтау кезінде екі ел әскери қызметшілері терроризмге қарсы күрестің неғұрлым өзекті әдістеріне назар аудара отырып, бір-бірінің осы бағыттағы жұмыс тәжірибесін көрді.  

Қазақстан контингентінің басшысы «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы әскерлері штабының бастығы полковник Нұрлан Кәрібаев бірлескен оқу-жаттығу жауынгерлік даярлықтың практикалық дағдыларын жетілдіруге мүмкіндік бергенін атап өтті.

– Бірлескен сабақтар барысында бөлімшелердің әскери қызметшілері жауынгерлік дағдының жоғары деңгейін көрсетті, – деп атап өтті полковник Н.Кәрібаев. – Жаттығу ерекше климаттық жағдайларда ну орманда 3800 метр биіктікте өтті. Біздің контингенттің жеке құрамы жауынгерлік машықтарын барынша көрсетті. Оқу мақсаттарына сай барлық міндеттер орындалды. 

Қазақстандық командирдің оқу-жаттығу жайлы түйінін Үнді контингентінің басшысы полковник Яогеш Упадхай қолдады.

– Оқу-жаттығу БҰҰ мандатының мақсаттарына сәйкес қазақстандық әскери қызметшілермен тәжірибе алмасуға мүмкіндік берді, – деп атап өтті полковник Яогеш Упадхай, – әріптестерге барынша күрделі, пайдалы және нәтижелі бірлескен жұмысы үшін алғыс айтқым келеді. 

«Сурья» оқу-жаттығу орталығында бірлескен міндеттерді орындау әскери бөлімшелердің өзара іс-қимылын нығайтуға, жаңа тәжірибе алуға және дағдыларды жетілдіруге мүмкіндік берді.

Фото: gov.kz

360 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз