Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 21 Маусым, 2014

Өнер саласын қолдау мәселелері талқыланды

«Нұр Отан» партиясы жанындағы мәдениет пен өнер мәселелері жөніндегі «Мирас» қоғамдық кеңесінің кеңейтілген отырысында Қазақстанның мәдени саясатының ұзақ мерзімді тұжырымдамасы жобасы мен театр өнеріне мемлекет тарапынан қолдау көрсету мәселелері талқыланды. Бұл туралы BAQ.KZ хабарлады. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан жолы-2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Қазақстан халқына Жолдауында «жалпықазақстандық мәдениетті дамытуға жаңаша серпін беріп, мәдени саясаттың ұзақмерзімді тұжырымдамасын әзірлеу қажет. Онда қазақстандықтардың бәсекеге қабілетті мәдени ментальдігін қалыптастыруға, заманауи мәдениет кластерлерін дамытуға бағытталған шаралар белгілеу керек» деген болатын. Елбасының осы тапсырмасына сәйкес, Қазақстан Республикасының мәдени саясатының ұзақмерзімді бұл тұжырымдамасын әзірлеу Мәдениет министрлігіне жүктелген болатын. Отырыс барысында Қазақстанның мәдени саясатының ұзақ мерзімді тұжырымдама жобасы мен театр өнеріне мемлекет тарапынан қолдау көрсету мәселелері талқыланды. «Мәдениеттің барлық саласы, шығармашылық қауымдастық бұл деректі Елбасы ұсынған отандық мәдениет пен өнердің жаңа белестерге жетуінің, қазақстандық қоғамның бірегей шығармашылық әлеуетін жүзеге асырудың ерекше мүмкіндігі деп қабылдап отыр. Сондықтан бұл тұжырымдама жалпықазақстандық мәдениетті дамытуға жаңаша серпін бергені жөн», - деп атап өтті Мәулен Әшімбаев. «Қазақстандықтардың бәсекеге қабілетті мәдени ділін қалыптастыруға, заманауи мәдениет кластерлерін дамытуға бағытталған тұжырымдама мәдениет пен өнер саласын дамытуға ықпал етуге тиіс деп санаймыз. Өйткені қазақ театр өнері бүгінгі таңда батыл реформалық өзгерістерді қажет етеді», - деді Тұңғышбай Жаманқұлов. Отырыстың қорытындысында театр өнеріне мемлекеттік қолдау көрсету және тұжырымдама жобасына қатысты айтылған бірқатар ескертулер мен ұсыныстар Үкіметке жолданатын болады.

879 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз