Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 16 Қазан, 2024

Қырғызстандық делегация еліміздің әлеуметтік-еңбек саласының ақпараттық жүйелерімен таныстырды

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінде (бұдан әрі – ЕХӘҚМ) ведомство басшысы Светлана Жақыпованың Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму бағдарламасы (бұдан әрі – БҰҰДБ) өкілдіктерінің қатысуымен Қырғызстаннан келген Экономика және халықты әлеуметтік қорғау министрінің бірінші орынбасары Чоро Сейитов бастаған делегациямен кездесуі өтті. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап kazgazeta.kz хабарлайды.

Кездесу барысында делегаттарға әлеуметтік-еңбек саласының отандық ақпараттық жүйелері ұсынылды, сондай-ақ ЕХӘҚМ мен БҰҰДБ бірлескен бағдарламаларды іске асыру бойынша ынтымақтастық тәжірибесі талқыланды.

Светлана Жақыпова демонстрация барысында отбасының цифрлық картасы мен еңбек тәуекелдері картасының, әлеуметтік қызметтер порталының және Еңбекминінің басқа да жобаларының артықшылықтары мен ерекшеліктері туралы айтып, әлеуметтік-еңбек саласын цифрландырудың арқасында іске асырылған соңғы жетістіктерімен және алдағы жоспарларымен бөлісті.

Сондай-ақ, қырғыз тарапының өкілдеріне Қазақстанда іске асырылған бірлескен жобалар мысалында БҰҰДБ-мен өзара іс-қимылдың мүмкіндіктері мен артықшылықтары туралы кеңес берілді.

Чоро Сейитов қазақстандық тарапқа егжей-тегжейлі және пайдалы таныстырылымы үшін алғысын білдірді, сондай-ақ тәжірибе алмасу бойынша да, нақты тұрғыдан да Қазақстанмен одан әрі ынтымақтастыққа дайын екендігін білдірді.

Фото: gov.kz

606 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз