Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 22 Маусым, 2014

Елбасы Фелипе VI-ге Испания Королі тағына отыруына байланысты құттықтау жолдады

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Фелипе VI-ге оның Испания Королі тағына отыруына байланысты құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметінен.  Қазақстан Президенті өз құттықтауында Фелипе VI-нің әкесі Хуан Карлос I-нің жүргізген сындарлы саясаты арқасында Қазақстан мен Испания арасында өзара тиімді әрі толыққанды ынтымақтастық қалыптасқанын атап өткен. «Испания біздің еліміз үшін бүгінде Еуропадағы сенімді дос және стратегиялық серіктес болып саналады. Сіздің қолдауыңызбен Қазақстан мен Испанияның жан-жақты ықпалдастығы аясын тереңдету үрдісі жалғасын табатынына ерекше үміт артамын», - делінген жеделхатта. Сондай-ақ Мемлекет басшысы қалыптасқан игі қарым-қатынастар жалғасатынына сенім білдіре отырып, Испания Королін Қазақстанға мемлекеттік сапармен келуге шақырды. Соңында Нұрсұлтан Назарбаев Фелипе VI-ге сарқылмас қуат пен зор табыс, ал достас Испания халқына бақ-береке тіледі.

1195 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз