- АҚПАРАТ АҒЫНЫ
- 17 Қазан, 2024
Алматыда жер сілкінді
ТЖМ мәліметінше, 17 қазанда сағат 03.23-те жер сілкінісі тіркелген. Эпицентрі Қытай аумағында, Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 264 шақырым жерде орналасқан.
"Алматы қаласында 2 балл болып сезілді. Зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ", - деп жазылған хабарламада.
Айта кетейік, бүгін Алматы тұрғындары Президенттің шұғыл хабарламасын алды. Қалада Mass Alert жедел хабарлау жүйесі іске қосылды.
Бүгін сағат 10:00-де алматылықтардың ұялы телефонына қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде: "Алаңдамаңыздар. Халықты хабардар ету жүйесіне тексеру жүргізіліп жатыр", "Не беспокойтесь. Проводится проверка системы оповещения населения", "Remain calm. The public alert system is being tested" деген хабарламасы бар терезе түрінде хабарлама келді.
Фото: Досжан Балабекұлы
417 рет
көрсетілді0
пікір






