Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 23 Маусым, 2014

Бүгін Қазақстанда тұңғыш рет мемлекеттік қызметшілер күні атап өтілуде

Бүгін Қазақстанда тұңғыш рет мемлекеттік қызметшілер күні атап өтілуде, деп хабарлайды ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің баспасөз қызметі. 2002 жылдың 20 желтоқсанында Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясы 23 маусымды БҰҰ-ның мемлекеттік қызметкері күні деп жариялау қарарын қабылдап, оған мүше әр мемлекетті де осыған байланысты бір күнді белгілеуге шақырды. Қазақстан Республикасы Президентінің өткен жылғы Жарлығымен 23 маусым Мемлекеттік қызметкер күні болып белгіленді. Қазақстанда 90 мыңнан астам адам мемлекеттік қызметте, соның ішінде 49 мыңнан астамы әйелдер.

735 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз