- АҚПАРАТ АҒЫНЫ
- 22 Қазан, 2024
Стоп-кредит қызметін қалай қосуға болады?
Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі азаматтарға Стоп-кредит (Банктік несиелерді, микрокредиттерді алудан ерікті бас тарту) қызметін қосу мүмкіндігі туралы еске салады. Бұл туралы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап kazgazeta.kz хабарлайды.
Енді қызмет «eGov mobile» мобильді қосымшасында және «Электрондық үкімет» веб-порталының басты бетте қолжетімді. Қызметті ЭЦҚ арқылы немесе логин мен парольді қолдану арқылы қосылуға болады. Ол үшін сайттың басты бетінде «Сервистер» бөліміне өтіп, «Банктік несиелерді, микрокредиттерді алудан ерікті бас тарту» опциясын таңдау қажет.
Қызмет шексіз мерзімге іске қосылады және азаматтың өтініші бойынша өшірілуі мүмкін.
Министрлік киберқауіпсіздік шараларын сақтаудың маңыздылығын еске салады және ұсыныстарды орындауға шақырды:
Әр түрлі аккаунттар үшін күрделі және бірегей парольдерді пайдалану.
Құрылғылардағы бағдарламалық қамтамасыз етуді үнемі жаңартып отыру.
Күмәнді сілтемелер мен хабарламаларды ашпау.
Антивирус бағдарламаларын пайдалану.
Жеке ақпаратты бөгде сайттарға және қосымшаларға сенбеу.
Аккаунттар үшін екі факторлы аутентификацияны пайдалану.
Әлеуметтік желілердегі құпиялылық параметрлерін тексеру.
1414-тен келген кодтарды үшінші тұлғаларға бермеу.
Банктік реквизиттерді үшінші тұлғаларға хабарламау.
Осы нұсқауларды орындау деректеріңізді қорғауға және қаржылық тәуекелдерді болдырмауға көмектеседі.
469 рет
көрсетілді0
пікір