Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Шартарап
  • 22 Қазан, 2024

Болгарияның Благоевград қаласында Қазақстанның Құрметті консулдығы ашылды

Қазақстанның Болгариядағы Елшісі Виктор Темірбаев Болгарияның оңтүстік-батыс мәдени және білім беру орталығы – Благоевградқа ресми сапармен барды.

Сапар аясындағы басты іс-шара Қазақстанның Благоевградтағы Құрметті консулдығының салтанатты ашылу рәсімі болды. Құрметті консул болып белгілі кәсіпкер және өңірдегі бірқатар ірі компаниялардың негізін қалаушы Рашко Динков тағайындалды. Іс-шараға Благоевград облысының мэрі Георги Динев, қалалық әкімшіліктің басшылығы, қоғам, іскер, ғылыми және мәдени ортаның өкілдері қатысты.

Елші В. Темірбаев мемлекеттеріміз арасындағы қарым-қатынастың жоғары деңгейін атап өтіп, Болгария Қазақстанның Балқандағы ең ірі сауда және экономикалық серіктестерінің бірі екендігін растады.

Қазақ дипломаты Благоевградта Қазақстанның құрметтіконсулдығын ашудың маңыздылығын атап, ауылшаруашылығы мен өнеркәсіптегі бірлескен жобаларбойынша өзара іс-қимылды жандандырады.

Благоевград облысының мэрі г. Динев Қазақстанныңжоғары экономикалық әлеуетін және оның дамуын атапөтті. ҚР Құрметті консулы Р. Динков сауда-экономикалықжәне мәдени өзара іс-қимылды жандандыруға дайынекенін білдірді.

В.Темірбаевтың Благоевград мэрі Методи Байкушевпен кездесуінде өңіраралық өзара іс-қимылдың рөлі жәнеекіжақты мәселелер талқыланды. Елші елдегі саясиреформалармен және ҚР Президентінің Жолдауыментаныстырды.

М. Байқушев Қазақстанмен ынтымақтастықты дамытуғадайын екенін растады. Сапар сонымен қатар жергіліктібизнеспен кездесуді, әлеуетті инвестициялықмүмкіндіктерді және шетелдік инвесторларды қолдаушараларын қамтыды.

Білім беру ынтымақтастығы аясында қазақ дипломатыБолгариядағы Америка университетінің президенті Мэрджи Энсайнмен кездесу өткізіп, бірлескен жұмыстың келешегінталқылады.

В. Темірбаев сондай-ақ қазақ студенттерімен кездесіп, оларға консулдық қызметтің міндеті және консулменбайланысты қолдау туралы ақпарат берді. Сондай-ақ, осы мүмкіндікті пайдалана отырып, қазақ дипломатыстуденттерге оқуда табыс тілеп, Қазақстанның болашағыүшін сапалы білім берудің маңыздылығын атап өтті.

Фото: СІМ

1816 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз