Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Безбен
  • 23 Қазан, 2024

Тоқаев «Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен наградтау туралы» Жарлыққа қол қойды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен наградтау туралы» Жарлыққа қол қойды.

1. Отандық ғылымды дамытудағы айрықша жетістіктері, сондай-ақ қоғамдық қызметтегі аса үздік еңбегі үшін жоғары дәрежелі ерекшелік белгісі – «Қазақстанның Еңбек Ері» атағы беріліп, айрықша ерекшелік белгісі – Алтын жұлдыз бен «Отан» ордені «Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы «Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы» КеАҚ вице-президенті Жұмаділдаев Асқар Серқұлұлына тапсырылды;

2. Қазақстан Республикасының әлеуметтік-гуманитарлық дамуындағы аса үздік жетістіктері үшін жоғары дәрежелі ерекшелік белгісі – «Қазақстанның Еңбек Ері» атағы беріліп, айрықша ерекшелік белгісі – Алтын жұлдыз бен «Отан» ордені Алматы қаласы, «№4 арнайы мектеп-интернат» КММ мұғалімі Нұрпейісова Гүлжанар Молдакерімқызына және Орал қаласы, «Асан Тайманов атындағы №34 мектеп-гимназия» КММ мұғалімі Траисова Эльмара Асқарқызына тапсырылды;

3. Өндірістік қызметтегі ерекше еңбегі үшін жоғары дәрежелі ерекшелік белгісі – «Қазақстанның Еңбек Ері» атағы беріліп, айрықша ерекшелік белгісі – Алтын жұлдыз Қарағанды облысы, «Шахтерское» ЖШС директоры Прокоп Георгий Георгиевичке тапсырылды.

9247 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз