- АҚПАРАТ АҒЫНЫ
- 23 Қазан, 2024
Жаңаөзенде 38 жетім бала тұрғын үй алу кезегіне қойылмаған
Жаңаөзен қаласының прокурорлары жүргізген талдау барысында ата-анасының қамқорлығынсыз қалған 38 жетім баланың тұрғын үй алу кезегіне қойылмағаны анықталды, деп хабарлайды kazgazeta.kz облыстық прокуратураға сілтеме жасап.
«Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңның 71-бабына сәйкес жетім балалардың, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың заңды өкілдері баланы тұрғын үй алу үшін жергілікті атқарушы органда есепке қоюға міндетті.
«Прокурорлық қадағалау шараларының нәтижесінде барлық балалар тұрғын үй кезегіне енгізілді. Заңдылықтың бұзылуына жол берген ТКШ бөлімінің бас маманы тәртіптік жауапкершілікке тартылды», - делінген хабарламада.
213 рет
көрсетілді0
пікір