Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 23 Қазан, 2024

Нидерланды сарапшылары су саласындағы тәжірибелерімен бөлісіп жатыр

Нидерланды сарапшылары Астанада су тасқыны қаупін басқару бойынша екінші оқу семинарын өткізіп жатыр. Іс-шараның басты мақсаты - су тасқынына қарсы іс-қимыл мәселелерімен айналысатын қазақстандық мамандардың біліктілігін арттыру. Бұл туралы Су ресурстары және ирригация министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап kazgazeta.kz хабарлайды. 

Бүгінгі таңда Су ресурстары және ирригация министрлігі табиғи апаттармен, оның ішінде су тасқынымен күресуде мол тәжірибесі бар шетелдік компаниялар және институттармен белсенді әріптестік орнатуда. Министрлік мамыр айында Нидерланд Корольдігінің Делфт қаласында орналасқан IHE Delft су білімі иниститутымен су ресурстарын басқару саласындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Меморандумда қазақстандық мамандардың біліктілігін арттыру мәселесі де қарастырылған.

«Биыл тамыз айында Нидерландтың «Апаттар каупін азайту қолдау тобының» мамандары Астанада алғашқы семинарларын өткізген болатын. Семинарға Су ресурстары және ирригация министрлігінің, Төтенше жағдайлар министрлігінің, Қазақ су шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының, География және су қауіпсіздігі институтының және «Қазақстан Ғарыш Сапары» ұлттық компаниясының 30 маманы қатысты»,- деді ҚР СРИМ Ғылым және инновациялар департаментінің директоры Мүслім Жиенбаев.

Фото: gov.kz

782 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз