- Аймақ тынысы
- 24 Қазан, 2024
Республика күні қарсаңында Ақтөбеде Димаштың көрмесі ашылды
Ұлттық мереке – Республика күніне орай Ақтөбе облыстық тарихи-өлкетану музейінде ҚР Халық әртісі, композитор және мультиаспапшы Димаш Құдайбергеннің шығармашылығына арналған «Дүние дидарындағы Димаш» көрмесінің ашылу салтанаты өтті. Мәдени шараға облыс әкімі Асхат Шахаров қатысты.
«Сан миллион көрерменді өнерімен тәнті қылған Димаш - Ақтөбе облысының құрметті азаматы. Сондықтан да Димаштың шығармашылығына арналған көрмені қала қонақтары мен тұрғындары бей-жай қалдырмасы анық. Көпшілік назарына ұсынылып отырған көрме Димаштың өмірі мен өнердегі жетістіктерінен құралып отыр. Осы орайда көрменің Астанадан кейін туған жерінде ұйымдастырылуына септігін тигізген Димашқа және ата-анасына шынайы алғысымызды білдіреміз», - деді Асхат Шахаров құттықтау сөзінде.
Көрменің ашылуына қатысқан Димаштың ата-анасы Қанат және Света Айтбаевтар, әншінің ұстазы, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Марат Әйтімов те сөз сөйлеп, көрменің Димаш туған өлкеде ұйымдастастырылуының маңыздылығы туралы айтты.
Шарада Димаш Құдайбергеннің орындауындағы халық әні «Дайдидауды» А.Жұбанов атындағы Ақтөбе музыкалық колледжінің оқушылары орындады.
1261 рет
көрсетілді0
пікір