- Аймақ тынысы
- 24 Қазан, 2024
БҚО: Бөрлі ауданында екі жаңа медициналық нысан ашылды
Батыс Қазақстан облысының Бөрлі ауданында екі жаңа медициналық нысан ашылды«Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасының шеңберінде пациенттерге екі жаңа медициналық нысан ашылды. Бұл Қарағанды фельдшерлік-акушерлік пункті және Бөрлі аудандық ауруханасының Жаңақоныс медициналық пункті, деп хабарлайды Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі.
Жаңа ФАП-та тіркеу бөлімшесі, дәрігерге дейінгі қарап-тексеру, ЖПД дәрігері және мейіргер, физиотерапия, зарарсыздандыру, емдеу және сұйықтық жинау кабинеттері көзделген.
ФАП заманауи телеметриялық электрокардиографпен, ультракүлгін-магнитотерапия аппараттарымен, спирографпен, дефибриллятормен, жүкті әйелдерді зерттеп-қарауға арналған кардиотокография аппараттарымен жабдықталған.
Ауылдық медициналық ұйымның штатында акушер, мейіргер, санитар сияқты 7 қызметкер көзделген.
Жаңақоныс медициналық пунктінде тіркеу, дәрігерге дейінгі тексеру, мейіргердің қабылдау, емшара кабинеттері және дәріхана жұмыс істейтін болады. Пациенттерге медициналық қызмет көрсету үшін дифибриллятор, ультракүлгін сәулелену терапиясы және спирограф көзделген.
1158 рет
көрсетілді0
пікір