- АҚПАРАТ АҒЫНЫ
- 28 Қазан, 2024
Президент Петр Павелді Чех Республикасының Тәуелсіздік күнімен құттықтады
Қасым-Жомарт Тоқаев Президент Петр Павелді Чех Республикасының Тәуелсіздік күнімен құттықтады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап kazgazeta.kz хабарлайды.
«Мемлекет басшысы құттықтау жеделхатында Қазақстан мен Чехия арасындағы қарым-қатынас қарқынды дамып келе жатқанын атап өтті. Сондай-ақ екіжақты ынтымақтастықтың одан әрі нығая түсетініне сенімді екенін жеткізді», — делінген хабарламада.
Қасым-Жомарт Тоқаев Петр Павел мен барша чех халқына құт-береке тіледі.
Фото: Ақорда
372 рет
көрсетілді0
пікір