- Шартарап
- 28 Қазан, 2024
Нұрлан Бекназаров Қазақстандағы ЮНИСЕФ өкілімен кездесті

Сенаттың Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің төрағасы Нұрлан Бекназаров ЮНИСЕФ-тің Қазақстандағы өкілі Рашед Сарвармен кездесті, деп хабарлайды Сенаттың баспасөз қызметі.
Тараптар кездесу барысында балалар құқықтарын қорғауды күшейтуге, әлеуметтік және медициналық қызметтерге қол жеткізуді жақсартуға, сондай-ақ балалар мен олардың отбасыларын құқықтық қолдау тетіктерін одан әрі дамытуға бағытталған ынтымақтастықтың негізгі мәселелерін талқылады.
«Біз балаларды заңнамалық қолдауға бағытталған мемлекеттік саясатты жетілдіруді жалғастыра береміз. Қазақстанда әйелдердің құқықтары мен балалардың қауіпсіздігін қорғауға бағытталған заң қабылданған болатын. Әйелдер мен балаларға қатысты барлық зорлық-зомбылық әрекетке жауапкершілікті күшейтетін, отбасы институтын нығайтатын және кәмелетке толмағандардың қауіпсіздігін арттыратын ережелер енгізілді. Сонымен қатар, Үкімет балалардың әл-ауқатының индексін – ұлттық мониторинг құралын енгізді, ол пайдаланушыларға балалар әл-ауқатының өңірлер бойынша ұлттық көрсеткіштерін халықаралық көрсеткіштермен салыстыруға және таңдауға мүмкіндік береді», - деді Нұрлан Бекназаров.
Рашед Сарвар өз кезегінде бала құқықтарын іске асыруға бағытталған бірлескен күш-жігердің маңызына тоқтала келіп, Қазақстан соңғы жылдары балалар мен отбасылар жағдайын жақсартуда елеулі прогреске қол жеткізгенін атап өтті.

1572 рет
көрсетілді0
пікір