- АҚПАРАТ АҒЫНЫ
- 28 Қазан, 2024
Сот Air Astana әуе компаниясын 5 млн теңге моральдық өтемақы төлеуге міндеттеді
Сот Air Astana әуе компаниясын 5 млн теңге көлемінде моральдық өтемақы төлеуге міндеттеді.
Бұл туралы адвокат Данилхан Шағатев әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.
20 шілдеде сенімді өкілмен саяхаттаған Зере мен Зәуре атты егіз қыз Америкадан елге қайтқан. Астана арқылы транзитпен Оралға қайтпақ болғанда Зерені компания бортқа кіргізбей қойған. Ал сенімді өкіл басқа балалармен ұшып кеткен.
Әуежайдағы камера жазбаларынан 12 жастағы Зеренің 3 сағат бойы жылап тұрғанын көруге болады.
FlyArystan басшысы осы жайттан кейін баланың анасымен кездесіп, кешірім сұрап, өтемақы ретінде 4 млн теңге ұсынған. Бірақ әйел бас тартып, сотқа жүгінген болатын.
Нәтижесінде, Сот Air Astana әуе компаниясын 12 жастағы қыздың анасына 5 млн теңге моральдық өтемақы төлеуге міндеттеді.
374 рет
көрсетілді0
пікір