Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Айна
  • 30 Қазан, 2024

«Көзге көрінбес әлем»

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Философия және саясаттану факультеті Философия кафедрасының 4-курс студенттерімен бірге Түркістан аумағында алғаш рет ұйымдастырылып отырған ерекше фотокөрмені тамашалап қайттық.

Қоғамдағы инклюзияға көзқарасты өнер мен технология арқылы жеткізген көрмені студенттерге таныстырып, түсіндіріп шықтық.

Көрмені Canon компаниясы Ә.Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер музейінің қолдауымен Қазақстанда көру қабілеті бұзылған адамдар мен көздері жақсы көретін жандар арасындағы шекараны жою мақсатында «Көзге көрінбес әлем» атты тақырыппен ұсынған.

Көрменің басты ерекшелігі таң қалдыратын фотосуреттерді және сол суреттерді баяндап беретін хикаяларды қолмен көруге көмектесетін бедерлі кескіндермен, дыбыстық сипаттамалармен, дыбыс ландшафтарымен және Брайль қарпімен ұсынған.

Сондай-ақ көзі көретін келушілер көру мүмкіндігі шекетулі адамдардың ерекшеліктерін тереңірек түсіну мүмкіндігіне ие болды. Көрмеде студенттер глаукомадан бастап диабеттік ретинопатияға дейін көру қабілетінің түрлі бұзылыстарында кескінді көрудегі айырмашылықтарын сезіну үшін әр фотосуретті симпулятор көзілдіріктерімен қарап көрді.

Студенттер қоғамдағы көру мүмкіндігі шектеулі азаматтардың әлемді көру қабілетіне терең күйзеліспен қабылдап, инклюзивті білім беру, инклюзивті өнер мен мәдениеттің қаншалықты қажет екендігін аңғарды.

Философия кафедрасының 4 курс студенті Дамира Жарқынбай «Бұл фотокөрме – өнер мен шындықтың бірігуінің тамаша үлгісі. Көрме келушілерді терең ойға батырып, жаңа идея мен сезімге байытты. Мұндай іс-шаралар өнердің қоғамдағы рөлін арттыруға, мәдениетті дамытуға және адамдар арасында байланысты нығайтуға септігін тигізеді», - дейді.

Мұндай фотокөрме мәдени және шығармашылық кеңістіктегі инклюзия туралы көзқарасымызды өзгертеді.

Досжан Балабекұлы,

философия докторы (PhD),

әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті,

Философия кафедрасының аға оқытушысы

Фото: Айбек Кунакбаев

314 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз