- Айна
- 30 Қазан, 2024
Алматыда жолайырықтарға қауіпсіз қоршаулар орнатылып жатыр
Алматыда бірқатар жолайырықтарында ескірген қоршауды тозуға төзімді әрі қауіпсіз қоршауға ауыстыру жұмыстары жүргізілуде. Байзақов пен Манас көшелері аралығындағы Сәтбаев көшесіндегі жолайырықта 15 жылдан астам уақыт бойы орнатылған металл қоршау жөндеуге жарамсыз болып қалған. Мұнда 3 мың метр қоршау ауыстырылады, жұмыс 10 қарашаға дейін аяқталады.
Жаңа қоршау:
- Соққыны сіңіріп, көліктердің қозғалыс бағытын аздап түзететін толқынды құрылымға ие.
- Коррозияға төзімді мырышталған металлдан жасалған.
Сондай-ақ, қоршау Райымбек пен Сүйінбай даңғылдарының қиылысындағы жолайырықта да жаңартылып, қарашаның соңына дейін 2,5 мың метр қоршау орнатылады.
Бұған дейін мұндай қоршау Райымбек даңғылының солтүстігіндегі Назарбаев даңғылының бойындағы эстакадаға орнатылған болатын.
217 рет
көрсетілді0
пікір