- Айна
- 30 Қазан, 2024
Өскеменде маңғыстаулық шеберлердің көрме-жәрмеңкесі өтіп жатыр
Шығыс Қазақстан облысында «Атадан қалған асыл тін» атты Маңғыстау облысының қолөнер және қылқалам шеберлері мен зергерлерінің көрме-жәрмеңкесі басталды. Іс-шараның мақсаты – батыс өңірінің өнерімен таныстыру және креативті индустрия өкілдерін қолдау. Бұл туралы Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап kazgazeta.kz хабарлайды.
Өскеменге суреттер, қолөнер және зергерлік бұйымдар, этностильдегі ересектер мен балалар киімдерінің коллекциялары әкелінді. Өз жұмыстарын танымал брендтер де, жаңадан бастаған креаторлар да ұсынды.
Сондай-ақ, маңғыстаулық әртістер шығыс қазақстандықтарды өз шығармашылығымен тәнті етті.
Көрме-жәрмеңке екі күнге созылады. Батыс өңірінің шеберлері енді Павлодар қаласына барады.
Фото: gov.kz
221 рет
көрсетілді0
пікір