Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 30 Қазан, 2024

Президент Қатар Әмірі шейх Тәмим бен Хамад Әл Тәнимен телефон арқылы сөйлесті

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қатар Әмірі шейх Тәмим бен Хамад Әл Тәнимен телефон арқылы сөйлесті. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап kazgazeta.kz хабарлайды. 

Мемлекеттер басшылары сауда-экономика және инвестиция салаларындағы қазақ-қатар ынтымақтастығын кеңейту мәселелерін, сондай-ақ жыл басында қол қойылған Ұзақмерзімді стратегиялық әріптестік орнату жөніндегі келісімді жүзеге асыру барысын талқылады. 

Қасым-Жомарт Тоқаев пен шейх Тәмим бен Хамад Әл Тәни Қазақстан мен Қатар арасындағы қарым-қатынас нақты стратегиялық және өзара тиімді сипат алғанын атап өтті.

Қазақстан Президенті Қатар Әмірі шақырған Doha Forum 2024 конференциясына қатысатынын растады.

Тараптар екі ел арасындағы тығыз байланыстарды жалғастыруға уағдаласты.

Фото: Ақорда

860 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз