Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Аймақ тынысы
  • 31 Қазан, 2024

Ақтауда жазушы Герольд Бельгердің 90 жылдығына орай танымдық сағат өтті

Ақтауда жазушы, аудармашы, сыншы, қазақ әдебиетінің жанашыры Герольд Бельгердің 90 жылдығына орай танымдық сағат өтті, деп хабарлайды kazgazeta.kz Қоғамдық коммуникация орталығына сілтеме жасап.

Рухани іс-шараға Мұрын жырау Сеңгірбекұлы атындағы Маңғыстау жоғары педагогикалық колледжі және Каспий өңірі «Болашақ»колледжінің студенттері белсене қатысты.

Ең алдымен жазушының өмірбаяны мен шығармашылығы таныстырылып, «Бірегей» атты документальді фильм көрсетілді. Студенттер Герольд Бельгер аудармаларын оқуға қызығушылықтарын танытты. 

Шара соңында «Герольд Бельгер - ұлт жанашыры» атты көрме өтті. Мақсат - Герольд Бельгердің жазған кітаптары мен мерзімді басылымдарда жарық көрген еңбектерімен таныстыру.

Айта кетейік, Герольд Бельгер қазақ әдебиетінің ұлы тұлғалары Бейімбет Майлин, Ғабит Мүсірепов, Әбдіжәміл Нұрпейісов, Әбіш Кекілбаев шығармаларын орыс тіліне аударған.

868 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз