Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 31 Қазан, 2024

Бас прокуратура Ақжарқын Тұрлыбайдың ісі бойынша пікір білдірді

Бас прокурордың орынбасары Ғалымжан Қойгелдиев Ақжарқын Тұрлыбайды Қазақстанға экстрадициялау мәселесіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды kazgazeta.kz.

"Біз бұл істі тоқтатқан жоқпыз. Жұмыс белсенді жүргізілуде. Жақын арада шешілетіндігіне сенімдімін. Бізге оның елде жазасын өтегісі келетіні туралы мәлімдемесі келді. Ол өзінің адвокатымен үнемі байланыста", — деді Ғалымжан Қойгелдиев.

Еске салсақ, Ақжарқын Тұрлыбай 2014 жылы Гуанчжоу әуежайында есірткі контрабандасы үшін ұсталып, өмір бойына бас бостандығынан айырылған еді. 

 

Фото: Facebook/Cұңқар Нұрмағамбетов

301 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз