- Шартарап
- 31 Қазан, 2024
Испанияда зардап шеккендер мен қаза тапқандар арасында ҚР азаматтары жоқ – Сыртқы істер министрлігі
Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров Испаниядағы су тасқынына байланысты Қазақстан азаматтарына қатысты мәлімет берді, деп хабарлайды kazgazeta.kz.
«Испания билігінің алдын ала ақпараты бойынша, Валенсияда зардап шеккендер мен қаза тапқандар арасында ҚР азаматтары жоқ», – деді СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров бейсенбіде агенттікке берген түсініктемесінде.
Естеріңізге сала кетейік, Испанияда ірі су тасқыныны болып, ажал құшқандар саны 95-ке жетті. Испания үкіметі 31 қазаннан бастап үш күндік қаралы күн жариялады.
1794 рет
көрсетілді0
пікір