Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 01 Қараша, 2024

Алматыда Азия-Тынық мұхиты аймағындағы саммитке жетекші университеттер жиналды

Алматыда Азия-Тынық мұхиты аймағындағы жоғары білімнің дамуына арналған пре-саммит басталды, деп хабарлайды Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Оған қала әкімі Ерболат Досаев, Қазақстанның ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек, Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі Мәлік Отарбаев және әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ректоры Жансейіт Түймебаев қатысты.
Іс-шараға Қытай, Жапония, Малайзия, Индонезия, Үндістан және т.б. 150 мемлекеттің 350 жоғары оқу орнының өкілдері жиналды.
Талқылаудың басты тақырыбы – Орталық Азия елдеріндегі жоғары білім беру саласындағы инновациялық тәсілдер және қарқынды дамып келе жатқан Азия-Тынық мұхиты аймағының еңбек нарығын қалыптастырудағы университеттердің рөлі болды.
Саммит соңында QS World University Rankings 2025 рейтингісінде үздік орын алған университеттерді марапаттау рәсімі өтеді. Әлемнің 1500 университеті енген рейтингте әл-Фараби атындағы ҚазҰУ 163-орынды иеленді.

588 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз