- Шартарап
- 01 Қараша, 2024
Мәжіліс төрағасы Қырғыз республикасының Президентімен кездесті
Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов Қырғызстанға ресми сапарының екінші күнінде Президент Садыр Жапаровпен кездесті, деп хабарлайды Мәжілістің баспасөз қызметі.
Мәжіліс спикері Қырғызстан басшысына Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың жылы лебізі мен ізгі тілегін жеткізді. Ерлан Қошанов мемлекет басшылары қабылдаған «Орталық Азия-2040» өңірлік ынтымақтастықты дамыту тұжырымдамасын жүзеге асыруда парламенттердің белсенді рөл атқаруға ниетті екенін айтты.
Қырғызстан Президентіне Жогорку Кенеш төрағасы Нұрланбек Шакиевпен кездесудің және Қырғыз Республикасының Жогорку Кенеші мен Қазақстан Республикасы Парламенті арасындағы ынтымақтастық жөніндегі Парламентаралық кеңестің екінші отырысының нәтижелері туралы ақпарат берілді. Мәжіліс спикері екіжақты қатынасты нығайтудағы Кеңес жұмысының маңыздылығына ерекше тоқталды.
Қырғыз Республикасының басшысы Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа сәлемін жолдап, оның жетекшілігімен Қазақстанда жүргізіліп жатқан саяси және экономикалық реформаларды жоғары бағалады.
Фото: t.me/mazhilis_kz
1778 рет
көрсетілді0
пікір