- АҚПАРАТ АҒЫНЫ
- 04 Қараша, 2024
Қазақстандықтар Ливаннан аман-есен оралды

Таяу Шығыс өңіріндегі шиеленістің күшеуіне байланысты Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша Қазақстанның тиісті мемлекеттік органдардың қатысуымен Ливаннан ҚР азаматтарын және олардың отбасы мүшелерін елге эвакуациялау шаралары жүзеге асырылды. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігіне сілтеме жасап kazgazeta.kz хабарлайды.
Аталған операция Ыстамбұл және Дубай қалалары арқылы ұйымдастырылып, нәтижесінде 2024 жылғы 17-31 қазан аралығында Бейруттан Астана мен Алматы қалаларына 41 адам аман-есен жеткізілді.
Эвакуация әскери қақтығыс аймағында қалған Қазақстан Республикасы азаматтарының құқықтары мен мүдделерін қорғау мақсатында жүргізілді.
Фото: gov.kz

370 рет
көрсетілді0
пікір