- АҚПАРАТ АҒЫНЫ
- 05 Қараша, 2024
Елімізде сумен жабдықтауды басқаруда алдыңғы қатарлы технологиялар қолданылуы мүмкін
Парижде Қазақстан-Франция Іскерлік кеңесінің 13-отырысы аясында Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі мен сумен жабдықтау және канализацияны тұрақты басқаруда әлемдік көшбасшы - SUEZ International компаниясы Қазақстанның сумен жабдықтау және су бұру инфрақұрылымын жаңғырту мәселелерін бірлесіп шешу мақсатында өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды. Бұл туралы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап kazgazeta.kz хабарлайды.
Меморандум Қазақстанның негізгі қалаларының инфрақұрылымын жақсарту үшін сумен жабдықтауды басқаруда алдыңғы қатарлы технологиялар мен тәжірибені енгізуге бағытталған стратегиялық серіктестік орнатады. Ынтымақтастық пилоттық жобадан басталады, оның орналасқан жерін Министрлік пен SUEZ бірлесіп анықтайды. Осы жобаның бір бөлігі ретінде SUEZ инфрақұрылымды жобалау, салу және пайдаланудағы өзінің көп жылдық тәжірибесін Қазақстанның бірегей қажеттіліктеріне бейімделген тұрақты шешімдерді енгізу үшін қолданады.
Серіктестік қаржыландырудың әртүрлі үлгілерін зерттейді және жергілікті мамандар үшін дағдыларды дамыту және білім беру бағдарламаларына назар аударады. SUEZ-дің осы келісімге қатысуы екі тараптың да жергілікті қауымдастықтарға пайда әкелетін және Қазақстанның ұзақ мерзімді тұрақты даму мақсаттарын қолдайтын сумен жабдықтау және канализация саласындағы инновацияларды дамытуға бейілділігін көрсетеді.
Меморандумға Парижде SUEZ халықаралық даму жөніндегі аға вице-президенті Тимоти Каржилл мен министр Қанат Шарлапаев қол қойды, онда Қазақстан халқын қауіпсіз және тұрақты сумен және су бұру жүйесімен қамтамасыз етуге бағытталған ынтымақтастықтың халықаралық сипатын атап өтеді.
Фото: gov.kz
482 рет
көрсетілді0
пікір